Алматы халықаралық әуежайы штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Фото:
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы әуежайында «бомба» қойылды деген ақпарат расталмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы халықаралық әуежайы баспасөз қызметінің мәліметінше, «жарылғыш зат» туралы ақпарат расталмады.

«Әуе кемесіне «бомба» қойылды деген ақпарат түсе салысымен, төтенше жағдай жоспары бойынша кешенді тексеру жүргізілді. Ақпарат расталмады. Әуежай қалыпты режимде жұмыс істеп тұр», - деп хабарлады әуежайдың баспасөз қызметінен.

Бұған дейін қаланың шұғыл жедел қызметтері Алматы халықаралық әуежайын тексеруге жұмылдырылғанын жазып едік.

Сәуірдің 14 күні Алматы әуежайының электронды поштасына Минск-Алматы бағытындағы ұшақ бортына жарылғыш зат қойылғаны туралы ақпарат тараған болатын.



Соңғы жаңалықтар