Алматы халқы «ЭКСПО-2017» көрмесінің ашылуын Абай алаңында онлайн тамашалады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Республика Сарайы алдындағы Абай алаңына «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ашылу салтанатын тікелей трансляциядан көру үшін 2000-нан астам адам жиналды.

Жастар маңызды шараны қолдау үшін флешмоб ұйымдастырды.

Сондай-ақ, көрермендер арасында викториналық ойындар ойнатылып, ЭКСПО-ға билеттер ұтысы өтті.

«EXPO-2017» көрмесі - Тәуелсіз Қазақстанның ең ауқымды жобасы әрі шынайы ұлттық жетістігі, оған еліміздің барлық өңірлері қатысуда. Астанадағы көрменің ашылу салтанатына 17 мемлекет және үкімет басшылары, заң шығару органдарының өкілдері, министрлер қатысуда.

Олардың арасында: ҚХР-ның Төрағасы Си Цзиньпин, Ауғанстан Президенті Ашраф Гани Ахмадзай, Моңғолия Президенті Цахиагийн Элбэгдорж, Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев, Пәкістан Президенті Мамнун Хусейн, Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмон, Беларусь Президенті Александр Лукашенко, Қырғыстан Президенті Алмазбек Атамбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Үндістан Премьер-министрі Нарендра Моди, БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерриш бар.

«Астана EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің павильондарын дайындауға 115 ел мен 10-нан астам халықаралық ұйым қатысуда.

Көрмеге 2 миллионға жуық адам келеді деп болжанып отыр. Жалпы, келушілер саны 5 миллионға жетпек. Келушілердің 85%-ін қазақстандықтар, 15%-ін шетел азаматтары, оның ішінде ТМД мен Қытайдан келгендер құрайды. Еуропадан, Түркия мен АҚШ-тан да көптеген туристер келеді деп күтілуде. Астанадағы Халықаралық мамандандырылған «EXPO-2017» көрмесі өзінің жұмысын 2017 жылдың 10 маусымында бастап, 10 қыркүйекте аяқтайды.

2012 жылдың 22 қарашасында өткен көрмелердің Халықаралық бюросының 152-ші Бас Ассамблеясында көрмелердің халықаралық бюросына мүше 161 мемлекет өкілдерінің жасырын дауыс беру нәтижесі бойынша көрме Астанада өтетін болып шешілген болатын. Астананың көрме өткізу жөніндегі өтінішіне 103 ел қолдау білдірді.

Соңғы жаңалықтар