«Алматы - Франкфурт» ұшағында жолаушы шыны сынығымен бортсеріктерге шабуылдаған

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Lufthansa әуе компаниясының Алматыдан Франкфуртқа ұшып шыққан ұшақ бортында жолаушылардың бірі мен бортсеріктер арасында дау-дамай шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Журналист Михаил Козачков Telegram-каналында екі жақтың түсініспеушілігі қайғылы жағдайға әкеле жаздағанын жазды. Жолаушы шыны ыдысты сындырып, бортсеріктерге зақым келтірмек болған.

«Оқиға куәгерінің айтуынша, айғай-шуды естіген ер адам бизнес-класс жағынан атып шыққан, шамасы біздің отандасымыз болуы керек. Ол жалғыз өзі ашулы ер адамның қолын бұрап, стюардтарға пластикалық кісен тағуға көмектесті», - деді журналист.

Әуе компаниясының баспасөз қызметі ақпаратты растады. Олардың мәліметінше, аталмыш оқиға 15 тамыз күні LH 647 бортында болған.

«Жолаушылардың бірі өзін деструктивті және агрессивті ұстады. Экипаж мүшелері мен басқа жолаушылар оны тыныштандыруға тырысып, жанжалға араласып кетті. Нәтижесінде олар долы жолаушыны тыныштандырды. Ұшақ қонған соң, оны Германияның Федералды полициясы қамауға алып, мән-жайды анықтап жатыр», - деп хабарлады әуе компаниясының баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар