Almaty film festival: Кино жұлдыздары қызыл кілеммен жүріп өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Almaty film festival-дің салтанатты ашылуы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Фестиваль алдында Республика сарайы алдындағы қызыл кілеммен қазақстандық және әлемдік кино жұлдыздары, өзге де мәртебелі меймандар жүріп өтті.

Көптің назарына бүгін фестивальдің президенті Ақан Сатаев, режиссерлер  Асқар Бисембин, Нұртас Адамбай, фестиваль қонақтары - «Арыстан патша» мультфильмінің режиссері Роб Минкофф, төрешілердің төрағасы Сергей Бодров, қазақстандық актерлар Ерден Телемісов, Динара Бақтыбаева, Гүлнәз Жоланова, Ерболат Тоғызақов, Мәриям Сатаева, Әсел Сағатова, Дина Тасболатова мен өзге де актерлар ілікті.

Сонымен қатар, қызыл кілеммен «Бойжеткен», «Бизнесмендер» фильмдерінің командалары, «Айка» фильмінің командасы, режиссер Сергей Дворцевой, Канн фестивалінің жеңімпазы Самал Еслямова жүріп өтті.

Сондай-ақ шараға келген жанкүйерлер әлемнің кино жұлдыздары Диана Снегина, байкер Дмитрий Петрухин, байер Лилия Рахты көруге мүмкіндік алды.
Автор: Альберт Ахметов

Соңғы жаңалықтар