Алматы энергетика және байланыс университетіне жаңа ректор тағайындалды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры қызметіне Қайрат Асанғалиұлы Бакенов тағайындалды.

Бұл туралы ҚР БҒМ мәліметінде хабарланды.

Қайрат Асанғалиұлы Қызылорда қаласында туған. 1989 жылы К.Е. Ворошилов атындағы орта мектепті бітірген. 1994 жылы Алматы энергетикалық институтын «Электр жетегі және өнеркәсіптік қондырғыларды автоматтандыру» мамандығы бойынша тәмамдап, инженер-электрші дәрежесін алып шықты. 1996-1999 - «Алматы энергетика және байланыс институтының» аспирантурасында оқыған.

2002 жылдан бастап Алматы энергетика және байланыс институтында жұмыс істейді. Алдымен кіші ғылыми қызметкер, «Өнеркәсіптік кәсіпорынды электрлі жабдықтау» кафедрасының ассистенті, кафедраның аға оқытушысы, «Электроэнергетикалық факультеті» деканының орынбасары қызметіне тағайындалады.

2011 жылдан бастап «Өнеркәсіптік кәсіпорындарды электрмен жабдықтау» кафедрасының меңгерушісі. 20-дан астам ғылыми жұмыстың авторы. 2010 жылы техникалық ғылымдардың кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғаған.

2014 жылғы 6 желтоқсаннан бастап директорлар кеңесінің шешімімен Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры болып тағайындалды.

Соңғы жаңалықтар