Алматы еліміздің ТМД халықтары арасындағы достығын нығайта түспек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы еліміздің ТМД халықтары арасындағы достығын нығайта түспек. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихаты барысында Алматы қаласы әкімінң орынбасары Зәуреш Аманжолова айтты.

«Алматы шын мәнінде Қазақстанның мәдени, шығармашылық астанасы болып табылады. Қазір бұл құрметті мәртебе жаңа деңгейге көтеріліп отыр. 2014 жылы қырғыздың Ош қаласымен қатар достастық елдерінің астанасы ретінде Алматы танылып отыр. Тәуелсіз мемлекеттер достатстығы елдері үшін өте маңызды шара болып табылатын құжатты қабылдау өте үлкен мәртебе болып табылады. Осыған байланысты біз Алматы халқы мен қонақтары үшін қызықты шаралар ұйымдастырмақпыз», - деді Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолова.

Бүгін Алматыға «Алматы - достастық елдерінің мәдени астанасы -2014» мәдени шарасының ашылуы салтанатына ТМД елдерінен бірнеше делегация, атап айтқанда ТМД елдерінің гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы мемлекетаралық қорының өкілдері, ТМД атқару комитетінің өкілдері, мәдениет және өнер саласының мамандары келді.

Алматы қаласы әкімінің орынбасары Зәуреш Аманжолованың айтуынша, биыл Алматыда осы бағдарлама аясында бірнеше мәдени шаралар ұйымдастырылмақ.

«Биыл қалада ашық аспан астындағы «Арт-алаң», «Оркестрлер шеруі», «ArtBatFest» қазіргі заман өнерінің фестивалі ұйымдастырылып, қалаға әлемдік масштабтағы ТМД эстраданың әншілерін шақырып, сол арқылы туристік ағынды ынталандыру көзделіп отыр. Наурызда жаңа шығармашылық ресурстарды қалыптастыруға бағытталған жобалар жүзеге асады. Сәуірде арт-менеджерлерге арналған семинар мен қала парктерін қайта жаңғырту жайлы отырыстар өтеді. «Kazakhstan fashion week» шарасы аясында ТМД сарапшыларының қатысуымен сән индустриясын қайта дамыту үшін форум ұйымдастырылады», - Алматы қаласы әкімінің орынбасары.

Оның айтуынша, тәжірибе және пікір алмасу үшін мамырда халықаралық мәдени форум өткізілсе, жазда - әдеби фестиваль, күзде - мұражай конференциясы, шеберлік сыныптары, халықаралық театр фестивалі ұйымдастырылмақ.

Соңғы жаңалықтар