Алматы экономикасы 4 айдың ішінде 9,2 пайызға төмендеген

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда экономиканың қай саласында төмендеу болғаны белгілі болды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев онлайн брифинг кезінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының 2020 жылғы қаңтар-сәуір айларындағы экономикалық көрсеткіші былтырғымен салыстырғанда 9,2 пайызға төмендеген.

«Қалада жалпы экономикалық көрсеткіш 9,2 пайызға, инвестиция 8,6 пайызға кеміген. Инфляция былтырғымен салыстырғанда 3,4 пайызға өскен. Әсіресе сауда және көлік тасымалы саласы көбірек зардап шекті», - деді Б. Сағынтаев.

Оның айтуынша, соңғы 5 айда 174 млрд теңге салық түскен. Қаңтар, ақпан, наурыз айларында салық түсімі + көрсетіп тұрса, сәуір айында – 3,3 млрд теңге, мамырда 10,8 млрд теңге шығын келтірілді.

«Осы орайда барлық кәсіпкерлік субъектілерінде барынша жұмыс орнын сақтап қалу көзделіп отыр. Сонымен қатар, оларды пандемия ахуалында жұмыс істеуге бейімдеуге тура келеді», - деді әкім.


Соңғы жаңалықтар