Алматы - Екатеринбург тасжолында жол апатынан үш адам қаза тапты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы - Екатеринбург тасжолында жеңіл көлік пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Сайттағы мәліметтерге қарағанда, ВАЗ-21015 көлігінің 21 жастағы жүргізушісі жолдың қарсы бағытына шығып, 45 жастағы азаматтың басқаруындағы МАN ауыр көлігімен соқтығысып, жеңіл көлік аударылған.

Көлік апаты салдарынан салдарынан ВАЗ 21015 көлігінің жүргізушісі және оның екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 4-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу басталып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Фото: t.me/POLICE_of_KZ
Соңғы жаңалықтар