Алматы дүкендері кітапты 15 пайыздық жеңілдікпен сататын болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 16 тамыз күні «Кітапфест-2014» фестивалі өтеді. Мұндай ауқымды шара Қазақстанда тұңғыш рет өткізілуде.

Мәдени оқиға 5 мыңға жуық кітапсүйер азаматтарды жинайды деп жоспарланып отыр.

«Келушілерге балалар әдебиеті мен ғылыми әдебиетке дейін алуан түрлі жанрдағы Қазақстан, Ресей, шетел авторларының туындылары ұсынылмақ. Кітапсүйер қауым назарынан орталық кітапхана жүйесі мен кітап дүкендері өз өнімдерін ұсынатын болады. Олар бұл жерден қалаған кітабын 15 пайыздық жеңілдікпен ала алады. Сондай-ақ, келушілер түрлі байқауларға қатысып, жазушылармен тілдесе алады. Бұл жерге мүмкіндігі шектеулі жандардың келуіне де жағдай жасалатын болады», - деді ұйымдастырушылардың бірі, «Бауыржан» қайырымдылық қорының жоба менеджері Хадиша Мырзахмет.

Таңғы 11-ден кешкі 18:00-ге дейін жалғасатын мереке Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен өтетін концертке ұласады.

Фестиваль алаңы Шевченко көшесінің бойында Достық көшесінен Қонаев көшесіне дейінгі аралықты қамтымақ.

Соңғы жаңалықтар