Алматы департаменті өрт сөндірушілер мен жүргізушілерді жұмысқа шақырады

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінде 288 бос жұмыс орны бар, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ведомства мәліметінше, ҚР Үкіметінің қаулысына сәйкес осы жылдың басынан бері Алматы қаласы ТЖД-нің өрт сөндіру мен апаттық қызметінде штаттық жұмыс орны артты.

«Осыған байланысты қатардағы және кiшi басқарушы құрамды қосқанда 288 бос орын бар. Атап айтқанда, өрт сөндірушілер, жүргізушілер»,- дейді департаменттің өрт сөндіру қызметі кадр басқармасы бөлімінің бастығы Ақжол Әбіләзімов.

Сонымен қатар ол азаматтық қорғау органдарына жұмысшылар қандай тәртіппен іріктеп алтынатынын айтып берді.

«Біздің қызметке 18 бен 35 жас аралығындағы азаматтар жұмысқа орналаса алады. Олар әскери борышын өтеген немесе ҚР-ның заңына сай әскери міндетін кейінге шегерген болуы керек. Білімі орташадан төмен болмауы керек. Сондай-ақ кәсіпкерлікпен айналыспайтын және қылмыстық жауапқа тартылмаған болуы шарт. Азамат өзінің жеке және іскерлік қасиеттерімен дене дайындығы мен денсаулық жағдайы бойынша өзіне жүктелген қызметтік міндеттерді орындауға қабілетті болуы керек»,- дейді Ақжол Әбіләзімов.

Өрт сөндіру қызметінің болашақ сарбаздарын алғаш оқыту Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғаныс академиясының оқу орталығы базасында өтеді.

Өрт сөндірушілер үшін бастапқы кәсіби дайындық - 35 күнтізбе күні. Жүргізушілер үшін – 14 күн, өзге қызметтер бойынша – 7 күн. Оқу орталығына қатысып жатқандар үш уақыт тамақпен және жатын орынмен қамтамасыз етіледі. Оған қоса 94 325-127418 теңге көлемінде еңбекақы төленеді.


Соңғы жаңалықтар