Алматы денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы сот алдында жауап береді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының №2 Медеу аудандық сотына қалалық денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусиновқа қатысты іс түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экс-басшыға қатысты пара алды деген күдікпен іс қозғалған.

«Іс сотқа бүгін түсті»,- деді қалалық соттың баспасөз қызметі.

Айта кету керек, Серікбол Мусинов қызметінен былтыр 20 қыркүйекте босатылған болатын.

Айта кету керек, Серікбол Мусинов қызметінен былтыр 20 қыркүйекте босатылған болатын.

Серікбол Мусинов қалалық басқарманы былтырғы қарашадан бері басқарып келген еді.

Қызмет жолын Шығыс Қазақстан облысы Аягөз аудандық ауруханасында интерн-дәрігер болып бастаған ол әр жылдары Семей облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы, Астана қаласы фармацевтикалық бақылау басқармасының басшысы, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

Соңғы жаңалықтар