Алматы демалуға ыңғайлы қалалардың алғашқы үштігіне енді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Ресейлік сарапшылар ТМД аймағындағы жаңа жылдық демалысқа ең ыңғайлы қалаларды атады. Бұл үштікке Алматы қаласы кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Tvil.ru баспана брондау сервисінің хабарлауынша, ТМД елдерінің  қай қалаларына орыстар жиі барғанын анықтады.

Рейтинг 30 желтоқсан - 8 қаңтар аралығындағы сұранысқа орай жасалды. Нәтижесінде Алматы сұранысқа ие қалалардың 3-тігіне енді.

Сондай-ақ, бұл тізімде Минск, Баку,Тбилиси,  Ереван бар. Ресейліктердің көбі Алматыдағы Шымбұлақ курортына демалуды жөн санайды.

Баку қаласында ресейліктер 4 күнге, Минск қаласында - 3-5 күнге, Тбилиси қаласында - 3-5 күнге, Ереван қаласында - 3 күнге, Алматыда 6 күнге тоқтаған.

Соңғы жаңалықтар