Алматы декларациясының ұсыныстары нәтижесінде адам денсаулығы айтарлықтай жақсарды - Т. Шарманов
АЛМАТЫ. 13 мамыр. ҚазАқпарат - Дүниежүзілік денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша адамзаттың өлім-жітімінің 60 пайызы дұрыс тамақтанбауға байланысты болып отыр.
Бұл туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Денсаулық баршаға: созылмалы сырқаттар. Мәселелер. Шешу жолдары» ІІ Халықаралық конгресінде айтылды.
«Алматы конференциясының декларациясы бойынша барлық адамның өз денсаулығын сақтауға құқығы бар. Оны қорғау мемлекеттің мойнындағы жұмыс. Конференциядағы ұсыныстарды жүзеге асыру нәтижесінде дүниежүзінде адам денсаулығы айтарлықтай жақсарды. Сондықтан бұл шараның да маңызы өте зор. Өйткені қазір аурулардың алдын алып, оны емдеуге дейін жеткізбеу мәселесі күн тәртібіне шығып отыр», - дейді ҚР ҰҒА академигі, Қазақ тағамтану академиясының және Профилактикалық медицина академиясының президенті Төрегелді Шарманов.
Т. Шарманұлының айтуынша, қазіргі медицинаның ұстанған бағыты дәлдік пен нақтылық. Науқасты ота жасауға жеткізбей, диагнозын ерте анықтап, аурудың алдын алуға ұмтылу керек. Бұл үшін дұрыс тамақтануға дағдыланып, салауатты өмір сүру салтын қалыптастыру қажет.
- Коронавирус: 53 науқастың жағдайы өте ауыр – министрлік
- Алғыс айту күні: Алматыда «Ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім» атты дөңгелек үстел өтті
- Зарема Шаукенова ерекше қажеттілігі бар балалар жайлы: Президент проблеманы ашық айтты
- Алматылықтар жолдағы шұңқырларға қатысты шағымданып жатыр
-
Биыл алматылық 1238 әйел сақтандыру есебінен ЭКО жасата алады
-
Алматылықтар көлікті тағы бір автоорталықта қайта рәсімдей алады
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам