Алматы дәріханаларында ең қажетті дәрі-дәрмектің баламасы пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы нарығындағы дәрі-дәрмек тапшылығына қатысты сұраққа онлайн брифинг барысында «Almaty Finance» ЖШС Басқарма төрағасы Тимур Хаиров жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Соңғы кезде алматылықтар қала дәріханаларында кейбір дәрі-дәрмектердің жоғалып кетуіне байланысты шағымдана бастады. Оның ішінде пандемия басталғалы сұранысқа ие дәрі-дәрмек те бар. Мысалы, бұл жүрек-қан тамырлары ауруларына арналған дәрі. Спикер бүгінгі таңда қала дәріханаларында сол препараттар сияқты бірдей әсер ететін алмастырғыштарды сатып алуға болатынын айтты.

«Дәрі-дәрмектер тізімінен 2020 жылдың соңына дейін ескі бағамен сатып алынған жүрек-қан тамырлары ауруларына қажетті (Аспирин, Кардиомагнил, Тромбо АСС) препараттардың 8 атауы бар. Тұрақтандыру қорының қоймаларында 92 мың «Кардиомагнил» (150 мл 90 мл) пакеті бар. Сондай-ақ, Алматы дәріханаларында шығарылатын және сатылатын, халықаралық патенттелмеген дәрі-дәрмектер бар. Бүгінгі күні осындай әсері бар алмастырғыштарды сатып алуға болады», - деді «Almaty Finance» басқарма төрағасы Тимур Хаиров.

Сонымен қатар, дәріханаларға 40 миллион дәрі-дәрмек сатып алынып, жеткізілгенін атап өтті. Ал дәріханалардың медициналық маскамен қамтылуы 100 пайызға жеткен.

Елімізде өндірістік қуаты күніне 1 млн маска шығаратын 6 отандық компания бар. Сонымен қатар, 26 миллионнан астам маска шығаратын 15 жеткізуші бар.


Соңғы жаңалықтар