+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы дәрігерлерінің жаппай коронавирус жұқтыру дерегі тексерілетін болды

2020 жылғы 15 сәуір 00:28
Бөлісіңіз:
Алматы дәрігерлерінің жаппай коронавирус жұқтыру дерегі тексерілетін болды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы орталық клиникалық ауруханасы дәрігерлерінің жаппай коронавирус жұқтыру дерегін ҚР Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Садуақасов тексеретін болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы әкімі алғашқы медициналық көмек қызметінің дайындығын тексерді Коронавирус белгісі бар пневмония: 828 науқас тіркеліп, 13 адам көз жұмды Қазақстанда коронавирустан жазылғандар саны 80 мыңнан асты

«Алматы клиникалық орталық ауруханасындағы коронавирус жұқтыру жағдайынан соң менің тапсыруыммен ҚР Денсаулық сақтау вице министрі Камалжан Надыров пен тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Садуақасов Алматы қалалық қоғамдық денсаулықты сақтау басқармасы басшысымен бірге «Көктем» шипажайында карантинде жатқан дәрігерлермен кездеседі. Барлық мәселе заң аясында шешіледі деген сенімдемін», - деп жазды ҚР ДСМ басшысы Елжан Біртанов Facebook парақшасында.

Министр Алматыдағы медициналық ұйымдардағы коронавирус инфекциясының күшею дерегін зерттеуді тәжірибелі эпидемиолог, тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрхан Садуақасовқа жүктеді.

Айта кету керек, бұл клиникалық ауруханада 147 қызметкер коронавирус жұқтырған деген ақпарат жарияланды.

«Көктем» шипажайында жатқан дәрігерлер ҚР Денсаулық сақтау министрі мен Президенттен араша сұрап, видео түсірген болатын.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT