Алматы дәрігерлерінің ісі туралы: оқиға қалай өрбіді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматыдағы Алатау ауданы прокурорының орынбасары Нұрсұлтан Күдебаевтың өлімінен кейін қылмыстық іс бойынша күдікті болған №4 Мемлекеттік клиникалық аурухананың бас дәрігері Қанат Тезекбаев пен сол клиниканың анестезиологы Асқар Тұңғышбаевқа қатысты «дәрігерлер ісі» соңғы күндері резонансты жағдайға айналды.

Осыған орай ҚазАқпарат осы оқиғаның хронологиясын жасады.

Тамыз айының соңында Алматыда қаласы Алатау ауданы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы Полиция департаменті басшысы Серік Күдебаевтың ұлы Нұрсұлтан Күдебаев көз жұмды. Ол жол апатына түсіп, Алматы қаласында ота жасалды. Ота жасалған соң ем-шаралар қабылдау мақсатында Германияға ауыстырылып, сол жақта көз жұмды.

Алматы қалалық сотының мәліметінше, 2 қыркүйекте тергеу сотының қаулысымен №4 Мемлекеттік клиникалық аурухананың анестезиологы Асқар Тұңғышбаев екі айға қамауға алынды. Оған «Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауы салдарынан адам өліміне әкеп соғу» бабы бойынша айып тағылып отыр.

22 қыркүйек күні соттың мақұлдауымен, дәл осы баппен аталмыш клиниканың бас дәрігері Қанат Тезекбаев та екі айға қамауға алынды.

Осы екі аралықта – қыркүйек айында Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қанат Төсекбаев қызметінен кетті. Денсаулық сақтау басқармасы оның қызметтен кетуі бұл жағдаймен еш байланысы жоқ екенін, ол мемлекеттік басқару саласында оқуына байланысты кеткенін айтты.

Іс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеулер басқармасы жүргізеді.

25 қыркүйек күні ғаламторда Қанат Тезекбаевтың әйелі Мемлекет басшысына жолдаған үндеуі пайда болды. Онда Дина Тезекбаева Нұрсұлтан Күдебаевтың өліміне күйеуін кінәлап жатқандары туралы жазған. Сондай-ақ, әлеуметтік желілерде медициналық қоғамдастықтың дәрігерлерді қамауға қатысты бірқатар үндеуі пайда болды.

Бұл үндеулерге Президент Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударып, істі заңды түрде тергеуді тапсырды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Президенттің тапсырмасымен бұл мәселені жеке бақылауына алғанын атап өтіп, бәрін сабырға шақырды.

Сонымен бірге, Алматы қалалық соты Қанат Тезекбаевқа қатысты апелляциялық сот ешқайда кетпеу туралы жазбаша түрде қолхат алу түріндегі жаңа шара қолданылғанын айтты.

Сондай-ақ, кейінірек сот 25 қыркүйекте тергеу сотының қаулысымен Асқар Тұңғышбаев қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу шарасына өзгертілді. Сотқа Алматы қаласындағы экономикалық тергеулер басқармасынан тиісті өтініш келіп түсті.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы дәрігерлер сотқа дейінгі тергеу амалдарына байланысты Нұрсұлтан Күдебаевты Германияға тасымалдауға келіскен-келіспегені туралы, сондай-ақ ол санавиация борты болған-болмағаны туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірген жоқ. Денсаулық сақтау министрлігі іс бойынша мәйітті сою және сот-медициналық сараптама жұмыстары жүргізілмегенін айтты.

Соңғы жаңалықтар