Алматы дәрігерлері шала туған үшемді үйіне шығарды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы дәрігерлері шала туған үшемді перзентханадан шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүкті келіншек 32 аптасында преэклампсия мен қан қысымы көтеріліп ауруханаға шұғыл жеткізілген.

Преэклампсия диагнозы бүйректің қалыпты жұмыс жасамауынан қан қысымы көтеріліп, әйел адамның денесі ісінгенде қойылатын диагноз.

Жүкті әйелдердің 5-10 пайызында преэклампсия диагнозы кездеседі. Бұл жағдайда ана мен баланың өміріне 12 есе үлкен қауіп төнеді.


Жүктіліктің 32 аптасында түскен келіншек құрсағында үшем болғандықтан дәрігерлердің ерекше бақылауына алынды.

Балалар кардиохирургиясы мен перинаталдық орталық дәрігерлері үш қыз баланы мерзімінен бұрын кесір тілігімен алу туралы шешім қабылдады.

Балалардың салмағы 1755 грамм, 1832 грамм және 1538 грамм болғандықтан жағдайлары ауыр деп бағаланды.

«Шала туған шақалақтар жансақтау бөлімінде 9 күн жатты. Тағы 19 күн патология бөлімінде ем қабылдады», - деді орталық директоры Ғани Бодықов.

Маманның айтуынша, перзентхана бөлімшесінде неонаталдық блок барлық қажетті құрал жабдықпен қамтылған. Мұнда шала туған балаларды аман алып қалуға барлық мүмкіндік бар.

Бүгін үшем 2195 грамм, 2043 грамм, 1989 грамм салмақ жинаған соң үйлеріне шығарылды.


Соңғы жаңалықтар