+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алматы дәрігерлері құлақсыз туған балаларға бірегей ота жасамақ

2020 жылғы 18 қыркүйек 14:19
Бөлісіңіз:
Алматы дәрігерлері құлақсыз туған балаларға бірегей ота жасамақ

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда дәрігерлер құлақсыз туған балаларға қабырға етінен құлақ қалқанын жасап бермек. Бірегей отаны С.Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медициналық университетінің жақ және бет хирургы Нариман Сатылғанов қолға алмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Медицина қалдықтарын көмумен айналысатын мамандарға біліктілік талаптары әзірленді Қан сұйылтатын дәрілер неге Ресейдегіден қымбат? Сарыағаш пен түлкібастық кәсіпкерлер ауруханаларға тыныс алу құралдарын табыстады

Дәрігер микротия диагнозымен туған балаларға көмектеспек.

Микротия – құлақ қалқанының дамымай қалуы немесе мүлде болмауы 8000-10 000 баланың арасында 1 балада кездеседі.

«Қазақстанда осы диагнозбен туған балалар өте көп. Бірақ оларға ешқандай көмек көрсетілмейді. Мен олардың құлағына реконстуркциялық ота жасаймын. Құлақ қалқанын баланың өз қабырға етінен жасап беремін. Ота 6 сағатқа созылады. Бұндай оталар Америкада 100 мың доллар, Еуропада – 60-70 мың доллар тұрады. Бізде қажетті лицензияның барлығы бар», - деді дәрігер .

Қазір артрезия (құлақ каналының жоқ болуы) және микротия диагнозы бар Қазақстандағы балалар шетелде емделуге мәжбүр.

2018 жылғы мәліметке сәйкес, Қазақстанда осындай диагнозбен 600 бала өмір сүріп жатыр. Олардың біразының бір жақ құлағы ғана естиді.

ҚР ДСМ комиссиясы 66 баланы шетелге емделуге жіберген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT