Алматы дәрігерлері әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға ашық есік күнін өткізді (ФОТО)
2015 жылғы 21 ақпан 00:04

Алматы дәрігерлері әлеуметтік мекемелерде тұратын адамдарға ашық есік күнін өткізді (ФОТО)

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық №17 емханасында әлеуметтік мекемелерде тұратын мүмкіндігі шектеулі 70-ке жуық азаматқа ашық есік күндері өтті. Салалық дәрігерлер пациенттерді диагностикалық, профилактикалық тексеруден өткізді.

Естеріңізге сала кетейік, қала тұрғындарының денсаулығын жақсарту мақсатында 2014 жылы Денсаулық сақтау басқармасы және Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мен Қазақстан-Ресей медицина университетінің арасында Меморандумға қол қойылды. Осы меморандум негізінде профилактикалық тексеруден өткізу шаралары жүргізілді.

Меморандум бойынша ең басты 8 әлеуметтік мекемеде тұратын жандарға көмек көрсетілді.

«2015 жылы осы бағыттағы шаралар жалғасын тауып Қазақ Медициналық үздіксіз білім беру университетінің профессорлық-оқытушылар құрамы мүгедек жандарға арналған ашық есік күнін өткізуге қолдау көрсетті. Бұл - өте қажетті шара. Себебі мүгедек жандардың арнайы мамандар қабылдауына жету мүмкіндігі бола бермейді. Сондықтан бүгінгі ашық есік күніне жетпістен астам жандарды шақырдық, қажетті жағдайда инватакси жіберілді, бүгінгі ашық есік күніне шақырылған балалар мен ересектер толық көлемді мамандардың кеңесін алып, басты мақсатқа қол жеткіземіз деп ойлаймын. Біздің басты мақсатымыз - сіздердің денсаулықтарыңызды жақсарту, ауру түрлерін анықтап, дұрыс ем көрсету», - деді Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жанат Қасымжанова.
Алматы

Алматы

Алматы

Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT