Алматы дəрігерлері ыстан уланған балалардың жағдайы туралы айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Көкжиек шағын ауданындағы пəтерде шыққан өрттен 3 бала уланып ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасы хабарлағандай, медициналық көмекке 6 адам жүгінген. Олардың 2-еуі ересек адам, 4-еуі бала.

Тексеру нəтижесінде 1, 5 жəне 13 жастағы балалар ыспен уланған деген диагнозбен токсикология бөліміне жатқызылды. Олардың жағдайын мамандар орташа деп бағалап отыр.

11 айлық бүлдіршін  амбулаториялық емдеуге үйіне жіберілді.

 Оқиғадан жапа шеккен екі ересек адам жеңіл улану диагнозымен амбулаторлық емдеуге үйлеріне қайтарылды.

 Еске сала кетейік, бүгін Көкжиек шағын ауданында 5 қабатты үйдің пəтері отқа оранған болатын .  

Соңғы жаңалықтар