+7 (701) 759 90 19
USD 428.05 EUR 501.2
RUB 5.47 CNY 63.87
Jańalyqtar

Алматы COVID-19-бен күресте басқа өңірлермен тәжірибе бөлісіп жатыр

2020 жылғы 26 қыркүйек 17:38
Бөлісіңіз:
Алматы COVID-19-бен күресте басқа өңірлермен тәжірибе бөлісіп жатыр

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мамандары өңірлерге COVID-19 жаңа толқынына дайындық қалай өтіп жатқандығы туралы тәжірибесімен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы облысында медициналық бұйымдарды шығаратын жаңа зауыт ашылады Алматы шетіндегі шағынауданда жаңа медициналық орталық ашылды Шалғайдағы аудандық ауруханаға орталықтандырылған оттегі жүйесі орнатылды - Маңғыстау

Осы мақсатта ҚР ДСМ қолдауымен «Алматы қаласында коронавирустық инфекцияның алдын алу және онымен күресу бойынша медициналық көмекті жетілдіру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Аталған семинар медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін жаңа серпінге айналды. Мемлекет басшысы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтқандай, «эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруы босаңсуға себеп болмауы тиіс. Күрес әлі де жалғасуда. «Мәселе туындаған кезде ғана» қимылдамай, барлығын жан-жақты ойластырып жұмыс істеуіміз керек. Барлық шешімдер мұқият тексерілген болжамдарға негізделуі қажет.»


Бұл онлайн-кездесудің мақсаты басқа өңірлермен тәжірибе алмасу болды. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Қамалжан Надыров, ҚР ДСМ Тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы, қаланың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин, Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев, 15-тен аса жетекші доктор мен COVID-19 індетімен қарсы күресуге бағытталған қызмет басшылары өз тәжірибелерінде ішкі жұмыс тетіктері қалай реттелгенін және қаланың денсаулық сақтау жүйесінің құлдырауына жол бермей, қиыңдықтарға қалайша төтеп беруге болатыны жөнінде айтып берді.


«Қаладағы сырқаттанушылық деңгейі мен қарқындылығын басқару міндетін қоя отырып, денсаулық сақтау жүйесінің барлық буындарының жұмысы біріктірілген болатын. Осылайша, біз болуы мүмкін COVID-19 жаңа толқынына қаланың барлық денсаулық сақтау қызметтерін барынша дайындауды іке асыра алдық» – деді онлайн аудитория алдында Қамалжан Надыров.

Алматы пациенттерді емдеуге жатқызудың жаңа тетіктерін ең алғаш енгізіп, пациенттердің жай-күйінің ауырлығын бағалау чек-парақтарын жетілдіргенін атап өту керек. Бұл өз кезегінде емдеуге жатқызу деңгейін қосымша реттеу құралына айналды, қала стационарларын инфекциялық және провизорлық деп бөлуден бас тартып, барлық стационарларды жарақтану деңгейіне және кадрлық әлеуетіне қарай бөлу – эшелондау қағидатын енгізді. Алматыда сонымен қатар, клиникаларды медициналық оттегімен қамтамасыз ету бағдарламасы қабылданып, сәтті іске асырылуда.


Семинарда айтылған тағы да бір жалпықалалық бағдарлама бұл – биоқауіпсіздік, яғни медициналық қалдықтарды жою және кәріз ағындарын зарарсыздандыру бойынша стационарларда қолданылатын технологиялар болды.

Қалада жаңа бөлімшелер Анестезиология және реаниматология орталығы – реанимациялық пациенттерді емдеу тиімділігін арттыру мақсатында құрылған, ол өз кезегінде сараптамалық бөлімнен және анестезиологтар мен реаниматологтардан құралған мобильдік бригададан тұрады.

Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының базасында Пациенттерді мониторингілеу орталығы құрылған.

Ол жерде кардиологтар, пульмонологтар, аллергологтар, эндокринологтар сияқты жетекші бейінді мамандар амбулаториялық деңгейде қауіп тобындағы пациенттер мен орташа ауырлық жағдайындағы пациенттерге қашықтан консультация беруді жүзеге асырады.

Халықты психикалық қолдау орталығы жұмыс істеді, сонымен қатар Алматы қаласы Телемедицина орталығы құрылды. Телемедицина орталығының міндеті – COVID-19 болуы мүмкін және расталған жағдайларымен пациенттерге дәрігерден видео-консультация алу мүмкіндігін іске асыру және оларды мониторингілеу болып табылады.

Бұл жұмыс сырқаттанушылықтың өсу қарқындылығының, ауыр жағдайдағы пациенттер деңгейінің төмендеуі, стационарлардың жарақтану сапасының артуы, коронавирустық инфекциямен пациенттерді емдеу сапасын арттыру сияқты нақты нәтижелерге қол жеткізді.

Семинардың ерекшелігі – Алматы қаласының іске асырып жатқан денсаулық сақтау саласындағы цифрлық әкімшілендіру жобасы болды. Оны Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев көрсетіп, таныстырды. Онлайн-тренингке 17 өңірдің, облыс және республикалық маңызы бар қала әкімдерінің орынбасарлары, денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, аумақтық департамент басшылары, стационарлардың бас дәрігерлері қатысты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT