Алматы циркінде «Икар туралы аңыз» спектаклінің премьерасы өтті

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы циркінің өнерпаздары бүгін БАҚ өкілдері назарына «Алтын калейдоскоп» бағдарламасының премьерасын таныстырды.

«Театрландырылған қойылымда халықаралық, республикалық фестивальдардың жеңімпаздары өнер көрсетеді. Бағдарлама цирк өнерінің түрлі жанрын қамтиды. Келушілер көңілді сайқымазақтардың өнері мен жан-жануарлардың қатысуымен болатын жұлдызды шоуға куә болады», - деді «Казмемцирк» МКК директоры Дәулет Досбатыров.

Оңтүстік астана тұрғындары «Алтын калейдоскоп» бағдарламасын тамыздың 16 мен 31 аралығында тамашалай алады.

Қойылымның басты нөмірі Д.Досбатыровтың «Азия жаңғырығы» фестивалінде Гран-при алған «Икар туралы аңызы» болмақ. Спектакльде цирктің ең жас актрисасы 9 жасар Марина Стародубова ойнайды.

Сюжет желісі бойынша қыз бала Икар туралы аңызды оқып отырып, ертегілер әлеміне еніп кетеді. Онда шуақты күнге ұмтылған Икар қанатын күйік шалып, жерге құлдырайды.

Дәулет Досбатыров бұл нөмірді былтыр басынан өткен қауіпті жағдайдан кейін қойған. Әртіс қауіпті трюк жасау кезінде ремень үзіліп кетіп, 4 омыртқасын зақымдаған көрінеді.

Халықаралық фестиваль жеңімпаздары Андрей мен Әлия Қанахиндер өмірдегі сезімдерін сахнаға алып шықты. Жұлдызды жұп «Махаббат биін» тік тұрған матчада билейді. Сондай-ақ, көрермен «Номад» акробатикалық шоуында цирк сәйгүліктерінің сымдай тартылған сымбатын тамашалайтын болады.

Соңғы жаңалықтар