Алматы бюджетіне өзгерістер енгізілді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы мәслихаты бүгін жергілікті бюджетке 91.8 млрд теңгеге қосымша қажеттілікке қаражат бөлу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық мәслихаттың баспасөз қызметінен хабарлағандай, әлеуметтік мақсатта – 33 млрд теңге, атап айтқанда, білім саласында 6 білім нысанына қосымша ғимарат салуға, денсаулық сақтау саласында сирек кездесетін 4 түрлі дертке дәрі дәрмек алуға, медициналық газ жүйесі мен медициналық қоқыстарды шығару жүйесін салуға, COVID-19 дертімен күреске түскен медициналық мамандарға үстемеақы төлеуге жұмсалмақ.

Әлеуметтік салада балалар үйін қайта қалпына келтіру жобалық сметалық құжаттарын жасауға,

2000 тұрғын үй сертификатын тапсыруға, әлеуметтік көмек беруге жұмсалады.

Спорт пен дене шынықтыру саласында Зерделі шағын ауданында спорттық сауықтандыру орталықтарын салуға, Қазақстан Жазушылар Одағының ғимаратын жөндеудің жобалық сметалық құжаттарын дайындауға қарастырылады.

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық саласына 21,2 млрд теңге электр, сумен қамту желілерін жаңартуға, Наурызбай ауданында газбен қамту желісінің жобалық сметалық құжаттарын жасауға,

«Айнабұлақ» ауданында жылу магистралін жөндеуге бағытталады.

Көлік саласында 10,6 млрд теңге метрополитенде жолаушыларды тасымалдау шығындарын субсидиялауға, Рысқұлов-Емцов көшелерінің қиылысындағы жол айрығы құрылысына, BRT көше жолдары желісін қайта қалпына келтіруге, 30 бағдаршам нысанын салуға жұмсалады.

Көгалдандыруға - 22,1 млрд теңге, қоғамдық тәртіпті сақтауға - 4,2 млрд теңге бөлінеді.


Соңғы жаңалықтар