Алматы бюджеті 10 млрд. теңгеге артпақ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы қалалық мәслихатының XXXI сессиясында қала бюджетінің 10,9 млрд. теңгеге артатыны туралы мәлімделді.

Бұл сома білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, көлік жүйесі, энергетика, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы мен қосылған аймақтарды дамытуға бағытталады.

Осылайша қаланың 2014 жылғы бюджеті 437,2 млрд. теңгені, нақты бюджеті 361,6 млрд. теңгені құрады.

Қала басшысы Ахметжан Есімов жыл басынан бері жергілікті бюджет 45,5 млрд. теңгеге артқанын айтып өтті.

«Бұл экономиканың тұрақты өсімінен хабардар етеді. Өздеріңіз білесіздер, Ұлттық қордан Елбасының бастамасымен 500 млрд. теңге бөлінді. Оның ішінде 250 млрд. теңге - стресстік активтер қорына, 150 млрд. теңге - мемлекеттік ҮИИДБ жүзеге асыруға, 100 млрд теңге ШОБ-ты қаржыландыруға бағытталды. Қаламызда төленетін салықтың 60 пайызын осы ШОБ саласы өтеуде. Сондықтан, бұл сала біздің қала үшін өте маңызды. Қазір шаһарда 44 жоба мақұлданып, тағы да 24 жоба қарастырылу үстінде», - деді қала басшысы.

Бұл атқарылған жұмыстар екінші деңгейлі банктердің ШОБ субьектілерін несиелендіруді арттыруын қамтамасыз етті. Өткен жылғы осы кезеңдегі көрсеткішпен салыстырғанда ШОБ нысандарын несиелеу көлемі 65%-ға артты.

Қала басшысы жергілікті бюджеттің мезгілінде толуы әлеуметтік жобаларды қаржыландыруға тиімді әсер еткенін атап өтті.

Сонымен қатар, халықтың жинақ қоры артып келеді. Атап айтқанда, жеке тұлғалардың депозиттері 55%-ға артып, 2 трлн. теңгені құрады.

Соңғы жаңалықтар