USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматы бойынша қатерлі ісіктен болатын өлім айтарлықтай төмендеген - онколог

2022 жылғы 14 қаңтар 15:35
Бөлісіңіз:
Алматы бойынша қатерлі ісіктен болатын өлім айтарлықтай төмендеген - онколог

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қатерлі ісік ауруынан болатын өлім-жітім айтарлықтай төмендеген. Алматы онкологиялық орталығы бас дәрігерінің орынбасары Жанна Қожаева ослай мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда комендант сағатын бұзған 84 адам әкімшілік жауапқа тартылды Мемлекет қасіретті қаңтар оқиғасына қатысты жайттарды жасырмай, ашық айтып жатыр – Марат Бәшімов Алматыда дүңгіршектерді тонаған үш қыз бен екі жігіт ұсталды

Оның айтуынша, емдеудің ең тиімді әдістерін қолдану болашақта барынша қолайлы нәтижемен ем жүргізуге мүмкіндік береді.

Яғни, химиотерапия қатерлі ісік ауруын емдеуде маңызды орын алады. Қазіргі уақытта орталықтың арсеналында химиялық препараттардың 40-тан астам түрі, 30-дан астам таргеттік және гормондық препарат бар.
Тек өткен жылдың өзінде орталықта 14 696 пациент химиотерапиялық емделді.
«TrueBeam STX» жоғары энергетикалық желілік үдеткіштегі радиологиялық бөлімшеде өткен кезеңде онкологиялық науқастарға 32 000-нан астам сәуле терапиясының сеансы өткізілді.
«Осы аппараттың көмегімен біз онкологияның кез келген түрі бар адамдар үшін анағұрлым дәл қарқынды және көлемді сәулелік терапия жүргіземіз. Бұл қондырғы адамға әсер етпестен зарядталған бөлшектердің шоғырын ісіктің өзіне тікелей бағыттауға мүмкіндік береді», - деп түсіндірді АОО бөлімінің меңгерушісі Евгений Ишкинин.
Онкологтар қазақстандықтарға қатерлі ісікті емдеуге болатынын хабарлайды. Бірінші кезеңде анықталған ауру 90% емдеуге үлкен мүмкіндік береді.
«Өкінішке орай, халық елімізде жүргізілетін тегін скринингтен өтуді жиі елемейді, сондықтан біз тағы да ескертеміз және профилактикалық тексерулерден уақтылы өтуге шақырамыз», - деп атап өтті Бас дәрігердің орынбасары Әлия Төрешева.
Айта кетейік, 2021 жылы Алматы қаласында қатерлі дертпен ауыратын 4 482 науқас анықталды.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Думан Арғынгелді

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT