Алматы бойынша 1,5 триллион теңге салық жинау міндеті орындалуы тиіс - А.Есімов

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда әкім Ахметжан Есімовтің төрағалығымен өткен отырыста қалалық салық органдарының 2014 жылдың бірінші тоқсанында атқарған жұмыстары қорытындыланды. Мәлім болғандай, бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша шоғырландырылған бюджетке 295,2 млрд. теңге соның ішінде салық органдарына 249,2 млрд. теңге түсті. Өткен жылмен салыстырғанда өсу қарқыны 104 % немесе 9 млрд. теңгеге көп.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша шағын және орта бизнесті қолдау мен несиелеу, банк саласын сауықтандыру және мемлекеттік үдемелі индустриалдық инновациялық даму бағдарламасының 2 кезеңін жүзеге асыру үшін Ұлттық қордан қаржы бөлінетіндігін еске салды.

«Қаланың іскерлік және кәсіпкерлік белсенді орталық екендігі ескеріліп, біздің өңірге де қаржының белігілі бөлігі түседі деп күтілуде. Сондықтан бұл резерті де назарға алған жөн. Ұлттық қор қаржысының барлығы экономикаға қызмет етіп, мемлекетке салық және жаңа жұмыс орнының ашылуы түрінде қайтарылуы қажет. Алматы бойынша 1,5 триллион теңге салық жинау міндеті орындалуы тиіс», - деп атап өтті Ахметжан Есімов.

Ахметжан Есімов қала экономикасы дамуының ерекшелігіне мән бере келіп салықтық әкімшілік сапасын арттыруға айрықша назар аударды. Яғни, қосымша кіріс табу үшін бірқатар шаралар жүзеге асуы тиіс. Мысалы, пәтерлерін жалға беретіндерді анықтап,олар салық органдарында тіркелуін талап еткен жөн. Бұдан өзге, салық салу базасына сараптама жасап, сыртқы жарнамадан түсетін қосымша кіріс көзін қарастыру қажет. Бұлардан өзге базарларда саудамен айналысатындарға, ТМД елдрінен келетін мигранттардан түсетін төлемдерге, басқа бағытардағы жұмыстарға салықтық әкімшілік шарасын күшейткен жөн.

Соңғы жаңалықтар