Алматы «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» халықаралық естелік штандартын қабыл алды

None
None
МӘСКЕУ - НОВОСІБІР. ҚазАқпарат - 10 желтоқсанда Новосібір қаласы «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» халықаралық еске алу шарасын өткізді.

Салтанатты шараға Мәскеу түбіндегі ұрыстың қаһармандарын еске алу үшін қала билігінің өкілдері, әскери институт курсанттары, ардагерлер ұйымының өкілдері қатысты.

Еске алу кешіне аса құрметті қонақ ретінде Иван Панфиловтың немерелері - Айгүл Бақытжанқызы мен Алуа Бақытжанқызы Байқадамовалар қатысты.

Жиын барысында кеңес одағы халқының ортақ тұлғалары жайлы естеліктің сақталуын қамтамасыз етудің маңыздылығы айтылды.

ҰОС ардагерлер ұйымы Панфиловтың немерелеріне миллиондаған адамның өмірін сақтап қалған адамның халық жадынан өшпеуі үшін қосқан үлестері үшін алғыс хат табыс етті.

Сондай-ақ, «ҰОС жеңісі жалпыеуразиялық мұра» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында шетелдік, отандық сарапшылар тарихи оқиғаларға талқылау жүргізді.

Қазақ Ұлттық университетінің профессоры Ләйлә Ахметова Мәскеу түбінде Панфилов дивизиясының көрсеткен ерлігі туралы баяндады.

«Біз миллиондаған панфиловшылармыз» халықаралық еске алу шарасының эстафетасы салтанатты түрде Байқадамоваларға табыс етілді. Енді келесі шаралар Алматыда өтетін болады.

Айта кету керек, «Біз миллиондаған панфиловшылармыз» халықаралық еске алу шарасы 2015 жылдың қазанында Орынборда басталды. Кейін эстафетаны Челябі, Новосібір қалалары қабылдап алды. Еске алу штандарты Қазақстан мен Қырғызстан, Ресейдің бірнеше қалаларында өтеді.

2016 жылы күзде еске алу шарасы Мәскеуде қорытындыланады.

Соңғы жаңалықтар