Алматы-Бішкек жолындағы апаттан зардап шеккендер анықталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-Бішкек күре жолындағы апаттан 6 адам зардап шекті,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

Бүгін таңертең Алматы-Бішкек күре жолының Қарғалы ауылына бұрылар тұсында жол-көлік апаты болған. Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы 2 көліктен 6 адамның зардап шеккенін айтты.

«2 көліктен 6 адам зардап шекті, екеуінің миы шайқалған, 4-еуі амбулаториялық ем қабылдады», - деді ведомстводан.

 Куәгерлердің айтуынша, аталған жол апатында жалпы саны 12 көлік соқтығысқан. 

Соңғы жаңалықтар