USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматы-Бішкек жолында апатқа ұшыраған жолаушылар үйілеріне қайтарылды

2017 жылғы 15 желтоқсан 17:19
Бөлісіңіз:
Алматы-Бішкек жолында апатқа ұшыраған жолаушылар үйілеріне қайтарылды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы-Бішкек тасжолындағы апаттан аман қалған жолаушылардың барлығы емделіп үйлеріне қайтарылды. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Жамбыл аудандық Орталық ауруханасының бас дәрігерінің орынбасары Ботагөз Медетбекова айтты.

«Сол күні түскен жолаушылардың барлығы толық ем қабылдап, үйлеріне қайтарылды. Жансақтау бөлімінде жатқан Гүлсапар Алфеева да 10 күннен соң үйіне қайтты. Ол омыртқасы зақымданып, жұмсақ тіндері, кеуде қуысы соққы алып түскен болатын. Бір пациенттің баласы Қаскелеңде болатын. Сол себепті ол кісі Қаскелең ауруханасына ауысты. Бір пациент өз қалауымен Алматыдағы №7 ауруханаға ауысты», - деді Ботагөз Медетбекова.

Айта кету керек, жол-көлік апаты Алматы облысындағы Ұзынағаш кентінің маңында болған. 43 жолаушысы бар автобус Шымкенттен Алматыға қарай кетіп бара жатқан. Бастапқы болжам бойынша 41 жастағы автобус жүргізушісі тайғақ жолда көлік тізгініне ие бола алмай қалған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-ші бөлігіне сәйкес іс қозғалып, тергеу жұмыстары жалғасуда. Негізінен жол апатында ОҚО, Алматы тұрғындары, Өзбекстан, Қарақалпақстан азаматтары зардап шеккен.

Жол апаты болған жерден 28 адам Жамбыл аудандық орталық ауруханасына жеткізіліп, 2 адам оқиға орнында көз жұмған болатын.

22 жастағы жігіт жансақтау бөлімінде көз жұмды. Тағы бір әйел жансақтау бөліміне түсті.

17 адам амбулаториялық ем қабылдауға үйіне қайтарылған. Оларға облыстан келген білікті мамандар, реаниматолог, нейрохирург, травматологтар ем жасады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059

MURAǴAT