Алматы-Бішкек тас жолындағы апаттан 4 адам зардап шекті

2023 жылғы 5 ақпан, 23:29
Алматы-Бішкек тас жолындағы апаттан 4 адам зардап шекті

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - 4 ақпан сағат 22:20 шамасында ГАЗ көлігінің 32 жастағы жүргізушісі Алматы-Бішкек автожолымен шығыс бағытта келе жатып, 82-шақырымда рөлді басқара алмай, аударылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ІІМ мәліметінше, кейін ГАЗ-ға 39 жастағы Nexia автокөлігінің жүргізушісі соқтығысқан.

«Жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі және оның 1986, 1966, 1955 және 1960 жылдары туған 4 жолаушысы зардап шекті.

Аталған дерек Жамбыл ауданының полициясында тіркелді. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп жазды ведомстодан.


Ұқсас жаңалықтар
Теги:
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar