Алматы-Бішкек тас жолында автобус аударылып, 2 адам көз жұмды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Бішкек тас жолында автобус аударылып, екі адам оқиға орнында көз жұмды. 10 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жол-көлік апаты Алматы облысындағы Ұзынағаш ауылының  маңында болған. 43 жолаушысы бар автобус Шымкенттен Алматыға қарай бағыт алған. Алдын ала болжам бойынша 41 жастағы автобус жүргізушісі  көлік тізгініне жолдың тайғақтығы салдарынан ие бола алмай қалуы мүмкін.

«Жол-көлік оқиғасы Алматы-Бішкек тас жолының 62-ші  шақырымында бүгін сағат 8:00-дер шамасында болды. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес, екі адам оқиға орнында мерт болған. Ал ауруханаға түрлі дене жарақатымен он адам түсті. Оның біреуі кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірім», деді облыстық ІІД баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-ші бөлігіне сәйкес іс қозғалып, тергеу жұмыстары жалғасуда.

Соңғы жаңалықтар