Алматы билігі жылыту маусымына жүз пайыз дайын екенін мәлімдеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі қаланың жылыту маусымына дайын екенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«25 қыркүйектегі жағдай бойынша Алматының қалалық шаруашылығы 100% дайын. Инженерлік желілердің дайындығы: жылу желілері – 100%, қазандықтар – 100%, сумен қамту, су тарту желілері – 100%, электрмен қамту – 100%», - деп мәлімдеді әкімдік өкілдері.

Әкімдік өкілдерінің айтуынша, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй қоры секілді әлеуметтік нысандар да жаңа маусымға жүз пайыз дайын.

Алматы электр станциясының энергия көздері 100% дайын, көмір қоры 123% (237 мың тонна, норма – 211 мың тонна) мазуттың апаттық қоры 119 % (25 мың тонна, ал норма – 21 мың тонна).

Соңғы жаңалықтар