Алматы билігі облыстан қатынайтын жұмыскерлерді қалаға кіргізбейді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыға облыстан қатынайтын жұмыскерлерге жұмыс берушілер ақылы демалыс беруі керек. Бұл туралы онлайн брифинг барысында қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазір қала әкімдігі үшін ең басым бағыттардың бірі – жұмыс орындарын сақтап қалу. Көп жұмыс орындарының қызметкерлері облыстан қатынайды. Егер жұмыс берушіде мүмкіндік болса, оларды 1 айға ақылы демалысқа жіберу керек. Егер оған мүмкіндік болмаса, жұмыскерлерге Алматыдан уақытша орын тауып, орналастыру керек. Қазір жатақхана, хостел, қонақ үйлер босап жатыр. Карантин кезінде облыстан қатынайтын қызметкерлерге арнайы рұқсат берілмейді. Жұмыс берушілер қазірден бастап түнгі 24.00 дейін осы мәселені шешуі тиіс», - деді С.Тұяқбаев.


Соңғы жаңалықтар