Алматы билігі қоғамдық орындардағы өрт қауіпсіздігін тексермек

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы билігі қоғамдық орындардағы өрт қауіпсіздігін тексеруге алмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұндай тапсырманы Алматы әкімі Бауыржан Байбек берді.

Атап айтқанда, барлық сауда - демалыс және ойын-сауық орталықтарына, базарларға, вокзалдар мен мектептерге, ауруханаларға, бала бақшаларына, сонымен қатар  адамдар көп жиналатын орындарға өрт қауіпсіздігіне қатысты тексерулер ұйымдастырылады.

Мониторинг нәтижесі бойынша өрт қауіпсіздігіне орай кемшіліктер анықталса, онда  тиісті шаралар қолданылады.

Алматыда қазір 128 ойын-сауық орталығы, 46 базар, 170 мейманхана, қонақүй мен хостел, қоғамдық тамақтанудың 2 мыңнан астам орны, 300-ден  астам денсаулық сақтау нысаны, 700- ден астам балабақша,  200 орта білім беру объектісі  бар.

Еске сала кетейік,  25 наурызда Ресейдің Кемерово қаласында ойын-сауық орталығында алапат өрт болып, 60 астам адам көз жұмды.

Кейін белгілі болғандай,  ғимаратта түтін айдау жүйесі,  өрт сөндіру жүйесі дұрыс жұмыс жасамаған.

Сондай қайғылы оқиға Алматыда да болған. Almaty towers ғимаратында да батут орталығынан өрт шығып,  6 адам апатты есіктің жабық тұруына байланысты тұншығып өлген еді.

Фото: yvision.kz

Соңғы жаңалықтар