Алматы билбордтарында зообақ жануарларының суреті жарияланады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қалалық Мәдениет басқармасы ведомстволық мекемелерді жарнамалау науқанын жүргізбек. Бұл туралы басқарманың баспасөз хатшысы Рашида Тыливалдиева айтты.

Оның айтуынша, қалалық Мәдениет басқармасының төл жобасы қаладағы мәдени орындарды жарнамалауға арналған. Ең алдымен зообақ тұрғындарының суреті Алматы көшелерін безендірмек.

Одан кейін цирк, ұлттық аспаптар музейі, қуыршақ театры жарнамаланады.

«Адамдардың көпшілігі қазір бос уақыттарын сауда үйлерінде, кинотеатрларды өткізуді қалайды. Мұндай имидждік жарнама арқылы біз қаламызда түрлі мәдени мекемелер бар екендігін тұрғындар мен қонақтардың есіне саламыз. Әр кәсіпорынға бір жарнама агенттігі бекітіліп берілген. «Алматы жарнама», « РТС Деко» компаниясымен ынтымақтастықтың арқасында қаламыздағы 300-ге жуық билбордта зообағымыздың сүйкімді аңдарын бейнеленетін болады», - деді Рашида Тыливалдиева.

Соңғы жаңалықтар