Алматы базарындағы өрттің жай-жапсары белгілі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы Никольский базарында өрт шыққан болатын. Қалалық ТЖД қызметі өрт туралы толығырақ мәлімдеді.

Қалалық ТЖД өрт сөндіру қызметі бөлім басшысының орынбасары Игорь Плотниковтің айтуынша, қызыл жалын «Корея» дүкені мен көшіру орталығының шатырын шарпыған. Өртенген аумақ 340 шаршы метрді қамтыды.

Өрт туралы хабарлама 12.10-да түскен болса, 13:14-те өшіріліп үлгерді.

«Электриктердің бөгелуіне байланысты өртті сөндіру қиын болды. Іште қатты тоқ соғып тұрғандықтан, жалын шарпыған бөлмеге өрт сөндірушілер кіре алмады», - деді И.Плотников.

Соңғы жаңалықтар