Алматы базарындағы өрт кезінде 4 кәсіпкердің мүлкі бүлінді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Алматы базарындағы өрт кезінде 4 кәсіпкердің мүлкі бүлінді. Жергілікті кәсіпкерлер палатасы өрттен зардап шеккен бизнеске қор ашуға дайын. Бұл туралы «Атамекен» ҰКП қоғаммен байланыс департаментінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Палатаның мәліметінше, базардағы өрт кезінде 4 кәсіпкердің тауарлары, атап айтқанда жаңа жылға арналған шыршалар, гирляндылар, косметика, 8 наурызға арналған сыйлықтар мен ойыншықтар бүлінген.

Алматы қаласының ӨКП қызметкерлері кәсіпкерлермен үнемі байланыста, залал сомасы белгіленіп жатыр. ӨКП директоры Айтуар Қошмамбетовтың айтуынша өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан болған.

«Егер бизнеске консультациялар, сақтандыру төлемдері, жалға берушілермен келіссөздер жүргізу бойынша қандай да бір көмек қажет болса, біздің мамандар бұл жұмысқа қосылуға, қызметкерлердің құқықтарын қорғау бөлігінде құқықтық, қаржылық сипаттағы консультациялар беруге дайын. Қажет болса, біз қаражат жинауға дайынбыз», - дейді ол.

Еске салсақ, бүгін Алматыдағы «барахолка» өртенді.

Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, күрделі өрт 1 сағат 9 минут ішінде сөндірілді. Қызыл жалын 1,5 мың шаршы метр аумақты шарпыды.


Соңғы жаңалықтар