Алматы базарындағы өрт қайта тұтанды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Барахолка аумағындағы қоймада өрт тағы да тұтанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осы ауданның тұрғындары желіде қоймадан шығып жатқан өрттің видеосын таратты. Бұл жерде кеше де ірі өрт болған.

Алматы ТЖД хабарлағандай, Солтүстік айналма жолдың бойындағы 30Б қоймада шыққан өрт бақылауға алынған.

«Түнде 4 арнайы техника мен Алматы қалалық ТЖД жеке құрамының 30 адамы қарауылдауға қалдырылды. Қазір түтіндеген жерге су себіліп жатыр жне материалдар мен құрылымдар тексерілуде. Жағдай бақылауға алынды», - деп хабарлады ведомстводан.

Еске салайық, кеше Алматыда базар өртенген еді.





Соңғы жаңалықтар