Алматы базарында тағы да өрт шықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы Никольский базарында өрт шықты. Бұл ақпаратты қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбекова растады.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, қызыл жалын бірнеше сауда бутиктері мен «Алатау» дәмханасының шатырын шарпыған.

Қалалық ТЖД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлшат Дәуренбекованың айтуынша, қазір өрт ауыздықталып үлгерді.

Өртті сөндіруге 5 өрт сөндіру көлігі жұмылдырылып, бір жедел жәрдем көлігі келген. ТЖД өкілдері өрт туралы толығырақ мәліметті кейін беретіндігін айтты.

Соңғы жаңалықтар