Алматы базарынан 100 млн теңгенің алтын бұйымдары ұрланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматыда 100 млн теңгенің ұрланған алтын бұйымдары табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Polisia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жетісу аудандық Полиция басқармасының мәліметінше, қаладағы базарлардың бірінде зергерлік бұйымдардың ірі ұрлығы жасалған.

«ҚР ҚК-нің 188-бабы 4-бөлігі (Ұрлық) бойынша тергеліп жатқан қылмыстық іс материалдарына сәйкес, қаскөй түнде алтын сататын қатарға кіріп, 8 сауда орнының шыны сөрелерін сындырған. Солай жалпы сомасы 100 млн теңгенің зергерлік бұйымдарын алып кеткен.

Бұл қылмысты ашу мақсатында тергеу-жедел тобы құрылды. Базардағы бейнебақылау жүйелеріне талдау жасалды. Күдіктінің жеке басы бірден анықталды. Бұл – 35 жастағы А. есімді азамат. Ол Қонаев қаласындағы қонақүйлердің бірінде ұсталды. Күдікті сол жерде уақытты өткізуді жоспарлаған көрінеді», – деді Жетісу аудандық полиция басқармасының бастығы Дархан Мұсанов.
Ол ұрланған алтын бұйымдарды қала шетіндегі иен далаға жасырған. Заттай айғақтар тәркіленді. ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Бұлтартпау шарасы ретінде «қамауға алу» санкцияланды.




Фото: polisia.kz


Соңғы жаңалықтар