+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Алматы «барахолкасындағы» өрт ауыздықталды

2019 жылғы 6 қыркүйек 17:40
Бөлісіңіз:
Алматы «барахолкасындағы» өрт ауыздықталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы «барахолка» базарындағы өрт сағат 17:09-да ауыздықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Канадада өрт салдарынан 3,8 мыңға жуық адам эвакуацияланды «Көкшетау» мәдениет сарайынан өрт шығып, 25 адам эвакуацияланды Үндістанда коронавируспен ауырғандар жатқан қонақ үй өртенді

«Алматы қалалық ТЖД «101» пультіне Алатау ауданының солтүстік айналма жолы бойындағы қоймалардың өртенгені туралы хабарлама 6 қыркүйек күні сағат 13:38-де түсті. Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына 3 минутта жетті. Онда жеке құрамнан 64 қызметкер, 20 техника, қалалық ТЖД 115 қызметкері және Алматы полиция департаментінің 16 техникасы, «Алматы тазалық» кәсіпорнының және жасыл экономика басқармасының су тасымалдайтын 15 көлігі тартылды. «Қазавиақұтқару» АҚ КА-32 және Алматы қалалық құтқару қызметінің 109-МИ 8 ұшағы жұмылдырылды»,- деп хабарлайды ТЖД.

Полиция қызметкерлері қоймадағы тауарларды сақтау үшін қоршауға алды. 15 сағат 36 минутта өрт базардың батыс жағында оқшауланды. 16 сағат 10 минутта оңтүстік жағы да ырыққа көнді. 17:09-да өрт толығымен ауыздықталды.

Болжам бойынша, өрт 2200 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда «барахолка» жанып жатыр. Өртті сөндіруге тікұшақтар жұмылдырылып, өрт әуеден сөндірілуде.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT