«Алматы-Баку» ұшағының жолаушысы 20 мың евромен ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әуежайында «Алматы-Баку» бағытындағы рейстің жолаушыларының бірінен декларацияланбаған ақша табылды. Ер адам 7,5 млн теңгемен шекара аспақ болған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, «Жетісу» кедендік бекетіндегі тінту кезінде «Алматы - Баку» рейсінің жолаушысынан 20 мың евро, яғни 7,5 млн теңге табылды. Жолаушы бұл қаражатты, декларацияламаған.

«Мұндай құқықбұзушылықпен күрес белсенді жүргізіледі. Жыл басынан бері 17 дерек тіркелді. Жолаушылар ЕАЭО шекарасын 247 800 доллармен, 17 500 евромен, 34 400 қытай юанімен, 276 000 теңгемен аспақ болған», - деді департаменттен.

ҚР заңнамасына сәйкес Қазақстан азаматтары 10 мың АҚШ долларынан аспайтын соманы тіркемей шыға алады. Егер ақша сомасы 10 мың доллардан асатын болса, оны кедендік декларациядан өткізу шарт.

Соңғы жаңалықтар