Алматы аялдамаларына QR-коды бар күмәнді жарнама пайда болды

Фото: None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы аялдамаларына QR-коды бар жарнамалар орналастырылған. Сол арқылы «Қытай халық банкінің криптовалюта биржасы» парақшасы ашылады, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасының мәліметінше, жапсырылған хабарландырулар тіркелмеген әрі рұқсат етілмеген жарнама болып саналады.

«Алматы аялдамаларына QR-коды бар жарнамалар орналастырылған. Сол арқылы «ҚХБ-нің криптовалюта биржасы» парақшасы ашылады. Басқарма қызметкерлері барлық заңсыз жарнаманы алып тастады»,- деп хабарлады ведомствадан.

Басқарма өкілдерінің айтуынша, аталған деректі Бостандық ауданының полиция басқармасы тексеріп жатыр.


Соңғы жаңалықтар