Алматы автопаркі газбен жүретін 100 жаңа автобуспен толықты (ФОТО)

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыдағы №2 коммуналдық автопаркі газбен жүретін 100 жаңа автобуспен толықты. Жаңа қоғамдық көліктердің тұсауын кесу барысында қала әкімі Ахметжан Есімов журналистерге сұхбат берді.

«Біз 3 жыл бойы осы бағдарламаны жүзеге асырып келеміз. Қазірдің өзінде қаладағы 2 автопаркте 400 газбен жүретін автобус бар. Бүгін, міне, тағы 100 жаңа автобус алып жатырмыз. Жылдың аяғына дейін тағы да 100 автобус келетін болады. Сонда, қалада барлығы 600 автобус қызмет етеді. Троллейбус пен трамвайларды қосқанда қаланың автпарктерінде газбен жүретін 850 қоғамдық көлік бар. Бұл есептеп келгенде қаладағы барлық қоғамдық көліктердің тең жартысын құрайды», - деді А.Есімов.

Оның айтуынша, бұл қаланың экологиялық ахуалын жақсартуда тиімді қадам болып отыр. Мамандардың пікіріне сүйенсек, қаланың ауа бассейніне зиянды заттардың 80 пайызы қоғамдық көліктерден түседі екен.

«Алматыэлектротранс» ЖШС бас директоры Болат Абайділдинов осы мақсатта қала әкімшілігі Еуропалық қайта құру және даму банкінен 39 млн доллар көлемінде қарыз алғанын айтып өтті.

«200 автобус сатып алу үшін 39 млн АҚШ доллары көлемінде несие желісін аштық. Төлеу 2016 жылдан басталып, 2022 жылы аяқталады», - деді Болат Абайділдинов.

Қала басшысы жекеменшік автобус парктерін де экологиялық тұрғыдан таза әрі экономикалық тұрғыдан арзан түсетін газбен жүретін көліктерге көшуге көндіріп жатқанжығын айтты.

«Келесі жылдан бастап олар да көшеді. Үкімет тарапынан талай қолайлы жағдай жасалды. Ол - арзан бағамен қаржы бөлу. Біздің мақсат - Алматы көліктерін газға, электроэнергияға ауыстыру», - деді қала басшысы.

Соңғы жаңалықтар