Алматы автопаркі 10 эвакуатормен толықты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бауыржан Байбек қаланың құтқару қызметінің автопаркіне келген  «Ssang Young» маркілі  жаңа маневрлі эвакуаторларды көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еуро-6 экологиялық сыныпқа сай 10 арнайы машина алынған.

Бұрын Құтқару қызметінің балансында КамАЗ және МАЗдарға көлікті толық тиейтін 20 эвакуатор болған.

Арнайы техниканың артықшылықтары бар. Олар жанармайды аз жұмсайды, аулаларда, тар көшелерде, көпір астында жұмыс істей береді. Эвакуатор небәрі 2 минутта 90 градустық бұрышта көлік тиейді.
null 

Бұл аулаларда өрт болғанда көлікті эвакуциялау  уақытын қысқартуға,  апатты  көліктерді магистральді көшелерден, қар тазарту  кезінде қалған автомобильдерді  тез арада алып кетуге, тұраққа дұрыс қойылмаған  көлікті тиеу жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Былтыр қала  бюджеті есебінен ІІД құрылымына 34 эвакуатор алынды.
null 

Алматы әкімі сондай-ақ қаладағы салынып жатқан нысандарды да аралады. Шаһар басшысы түрлі  категориялы қонақүйлерді салу Алматының  туристік әлеуетін арттырудың  маңызды бөлігі екенін атап өтті.
null 

Мысалы, Алмалы ауданында 112 нөмірлі «Double Tree by Hilton»  қонақ үйінің  құрылысы аяқталуға жақын. Он қабатты нысан Досмұхамедов көшесінің бойында.

Құрылыс компаниясы нысанға  жақын орналасқан үйлердің айналасы мен аулаларын абаттандырады. Өз кезегінде Медеу ауданында жалпы алаңы 12 мың шаршы метр, сыйымдылығы 150 нөмір болатын «Novotel» қонақүй  іске қосылады. Соның арқасында 120 жаңа жұмыс орны ашылады.  Алматыда қазір қаланың қонақүйлерінде 8,5 мыңнан астам нөмір бар.

Соңғы жаңалықтар