Алматы автобустарының жүргізушілері бірыңғай форма киді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көлік жүргізушілері бірыңғай жаңа форма киді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы Тимур Базарбаев әлеуметтік желіде хабарлағандай, 400 жүргізушіге жаңа жұмыс формасы таратылды. Бұған қаражатты автопарктердің өздері бөліп отыр. Киімдер қысқа арналған. Ішінде шалбар, жеңі ұзық күрте, пуловер, жылы куртка бар.

Айта кету керек, Бауыржан Байбек бүгін Алматыда қоғамдық көлік  инфрақұрылымын аралап көрген болатын.

Соңғы жаңалықтар