Алматы автобустарының 70 жүргізушісі жұмыстан не үшін шығарылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы қаласының Мобильділік басқармасы қоғамдық көліктердің 70 жүргізушісі жұмыстан қандай себеппен шығарылғанын түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық мобильділік басқармасынан атап өткендей, 5 311 жүргізуші Алматы қаласы бойынша қоғамдық көлік жүргізушілерінің бірыңғай мәліметтер базасының тізіміне енгізілді. Бүгінде оның 3693-і нақты жұмыс істейді.

«Қара тізімде» 124 жүргізуші бар. 2020 жылдың сегіз айында 559 заң бұзушылық тіркелген, 70 жүргізуші жұмыстан шығарылды», - деп хабарлады басқармадан.

Қоғамдық көлік жүргізушілері көбіне жол қозғалысы ережелерін жүйелі түрде бұзғаны үшін жұмыстан шығарылады.

«Атап айтсақ, жол қозғалысына кедергі келтіргені үшін, бірнеше рет жол-көлік апатын жасағаны үшін, аялдамада себепсіз ұзақ уақыт тоқтап тұрғаны үшін, сондай-ақ «Onai» құрылғысын жүйеден рұқсатсыз ажыратып, жолаушыларға билет бермегені үшін және қоғамдық көліктегі адамдарға дөрекілік танытқаны үшін, автобуста бірнеше рет темекі шеккені үшін жұмыстан босатылады»,– деп жауап берді Алматы қалалық Мобильділік басқармасынан.


Соңғы жаңалықтар