Алматы автобустарына Face Pay төлем жүйесі қашан енгізіледі

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының қоғамдық көліктеріне Face Pay немесе банк картасы арқылы төлем жасау жүйесі қашан енгізіледі? Бұл сұраққа Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баспасөз мәслихатында, Ерлан Әділов Face pay биометриялық мәліметтер арқылы жолақы төлеу жүйесіне қатысты сұраққа жауап берді.

«Face Pay туралы әзірге білмейміз, қазір «Алматы көлік холдингінің» директоры іссапарда. Дәл осы жаңа инновацияларды енгізу бойынша жұмыс сапарында жүр. Жақын арада біз осы жаңашылдыққа қатысты толық ақпарат береміз. Әртүрлі банктермен келіссөз жүріп жатыр, несие карточкасымен төлем жасау мәселесі пысықталуда», - деді Алматы қалалық мобильділік басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Әділов

Соңғы жаңалықтар