Jańalyqtar
Алматы автобустарына бактерицидті шам орнатыла бастады
2020 жылғы 7 қазан 18:33
Бөлісіңіз:

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қоғамдық көлік салондары соңғы аялдамасында кварцтан өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Алматыэлектротранс» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұған дейін қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин Алматы авобустарында бактерицидті шамдар қойылатынын айтқан болатын. Бұл шамдар салонды дезинфекциялау үшін қолданылмақ.
«Алматыэлектротранс» компаниясының хабарлауынша, тест режимінде бұл шам 2 автобусқа қойылған.
«Оның бірі - 18 метрлік, екіншісі - 9 метрлік автобус. Бактерицидті шам автобустардың соңғы аялдамасында 5-7 минуттан қосылады. Яғни, 14 мәрте. Автобус неше рейс жасайды, сонша рет қосылатын болады», - деді компаниядан.
Кварцтаудан соң жүргізушілер автобусты желдетіп алып рейске шығады.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- Шығыс Қазақстанда боранға байланысты жол жабылды
- Алматыда эпидемиологиялық жағдай күрделі күйінде қалып отыр
- Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылды
- Рудныйда ойын клубы карантинге қарамастан жұмыс істеп тұрған
-
Павлодарда коронавирустың өршуіне карантинді елемейтін тұрғындар себеп болып отыр
-
Алматыдан 517 шақырым қашықтықта, Қытай аумағында жер сілкінді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER