Алматы автобустары мүгедектерді тасымалдау «сынынан» өте алмады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қоғамдық көліктерде мүмкіндігі шектеулі жандарды тасымалдауға  жағдай жасалмаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«НұрОтан» партиясы әлеуметтік инфрақұрылымдар мен автобустарда мүмкіндігі шектеулі жандарға қандай жағдай жасалғанын бақылау мақсатында тексеру жүргізді.

null  Оған қалалық еңбекпен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, қалалық мүгедектер қоғамының белсенділері қатысты.

null   Тексеріс барысында көптеген заңбұзушылықтар мен мүгедектерге арналған құрылғыларды дұрыс қолданылмауы анықталды. 

null«Іс-шара орталық стадионның аялдамасынан басталды. Тексеріс барысында бірде-бір қоғамдық көлік стандартқа сай шекті жолақтан алыс тоқтап, мүмкіндігі шектеулі жандарға автокөлікке отыруға мүмкіндік жасамады. №118, 120 автобусы мен №19,25 троллейбусына отырып құлағы естімейтін, арбаға таңылған азаматтар, мылқау жандардың қозғалу қауіпсіздігін тексердік. Қоғамдық көліктердің арасында арбаға таңылған азаматтарға көтерілуіне арналған пандустың жоқтығы, көп уақыт өтпесе де осы құрылғының істен шыққандығы, кейбірі тіпті қолданыста болмай ашылмайтындығын көріп, еліміздің ерекше қажеттілігі бар азаматтарға толық деңгейде көмек көрсетілмейтіндігі, қоғамның бір бөлшегі ретінде еркін қозғала алмайтындығы көрінді», - деді «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалынын кеңесшісі Төрехан Самат

nullТексеріс қорытындысы бойынша Алматы қаласының жүргізушілері жолда жүру барысында техникалық қауіпсіздік сақтамайтындығы (жүргізу барысында шылым шегу, телефонмен сөйлесу, қауіпсіздік белгісін тақпауы, жолда жүру ережелерін сақтамауы), мүмкіндігі шектеулі жандармен қалай жұмыс жасау керектігін білмейтіндігі, қоғамдық көліктің ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған баспалдақтың істемейтіндігі, көп жағдайда аялдамалардағы мүгедек жанды байқамай өтіп кететіндігі, аялдамаларды жариялап отырмайтындығы анықталды.

null

Соңғы жаңалықтар